Қарапайым ережелерді ескеріңіз
Өрт-бұл әрқашанда қасірет. Алайда, өрт болған жағдайда мінез-құлықтың қарапайым ережелерін бәрі бірдей біле бермейді. Тіпті 101 өрт сөндіру қызметінің нөмірі дүрбелеңмен ұмытылады. Қиын жағдайда Сізге көмектесетін бірнеше қарапайым кеңестердің бірі ешқашан дүрбелең болмаңыз.
Бірінші кезекте тұрғын үй секторындағы өрттердің туындауының негізгі себептері – отпен байқамай әрекет қылу (темекі шегу, от жағу және т.б.), электр жүйесін, электр құралдарын, электр-тұрмыстық құралдарды құрастыру және пайдалану ережелерін бұзу (электрлік жүйелерінің көнеруі, аса көп жұмыстардан қорғау аппараттарының жарамсыздығы, электр жүйелерінің дұрыс қосылмауы, электр-тұрмыстық құралдардың ұзақ жұмыс жасауы, тұрғын үйлерге электр жүйелерін енгізу), пештер мен түтіндіктердің дұрыс құрылмауы және пештер мен басқа да жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, балалардың отпен ойнауы (қараусыз қалған және т.б. сіріңкемен және күн түсетін заттармен ойнауы), өртеу, өрт жіберу.
Өрттің жану белгілерін және өртті анықтаған жағдайда мына әрекеттерді жасаңыз. Шұғыл «101» немесе «112» телефондарына өртке қарсы қызметіне қоңырау шалыңыз, сондай-ақ, өрт болған кезде (тұрғын үйден немесе пәтерден) ғимараттан шығып, өзіңізбен бірге өте қажетті құжаттар мен бағалы заттарды алыңыз және өрт туралы көршілеріңізге хабарлаңыз. Газ құбырларын өшіріп, электр токтарын ажыратыңыз.
Сақтандыру шаралары мынадай. Өрттің туындауының алдын-алу және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалу мақсатында келесідей өртке қарсы іс-шараларды қолдану қажет. Тұрғын үйдегі пештер мен мұржаларды үнемі қарап, 2 айда 1 рет мұржаларды тазарту керек. Тек зауыттан жасалған электр жүйелерін қорғау аппараттарын қолданып, үй және құрылыс аймағына іргелес жатқан өртенген қоқыс уақытында тазартылуы тиіс. Жиһаздарды, терезе жапқыштарды және басқа да жанғыш заттарды пештен 0,5 м. кем емес ара қашықтықта орналастыру керек. Сондай-ақ әрбір пештің жағу саңылауының алдына 50×70 см кем емес металдық жайма қағуыңыз қажет.
Дегенмен тұрғындарға ескертеміз. Өрт қауіпсіздік ережесін дұрыс пайдалансаңыз, қайғылы оқиғаларға жол бермейсіз. Отқа абайлықпен қарап, сақ болыңыздар.
Алтынбек ҚАЛИЕВ,
Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар
бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі