Сауда орталықтарында төтенше жағдай кезінде не істеу керек?
Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова Tengrinews.kz тілшісіне сауда орталықтарында төтенше жағдай кезінде не істеу керек екенін айтып берді.
Сауда орталықтарында өрт шыққанда қарапайым тұрғындар нені есте сақтауы қажет?
- Сауда орталықтарына келгенде, әрине, Эвакуация жоспарымен танысқан дұрыс болар еді;
- Эвакуациялық шығу есіктерінің қай жерде орналасқанын анықтау;
- Өрт шыққанын байқасаңыз, ең бастысы, үрейге берілмеңіз;
- Мүмкіндікке қарай ғимараттан тезірек шығу жолын қарастыру; - "101" өрт сөндіру қызметіне хабарлау;
- Ылғалды бет орамалмен (шарф, шапка т.б.) демалуға тырысу керек.
Балаларымен сауда орталығына барғандар ТЖ кезінде қалай әрекет етуі керек?
- Балалармен бірге сауда орталықтарына, сауда үйлеріне барған кезде ғимараттың (эвакуациялық шығатын есігі орналасқан эвакуация жоспарымен) танысу абзал; - Ғимараттан шығу "ШЫҒУ" деген жасыл түсті жарықтағы табломен көрсетіліп тұрады. Табло автономды түрде жұмыс істейді, сондықтан егер өрт барысында электр жүйесі ажыратылған болса да табло өшпейді.
Сауда орталықтарында өрт немесе басқа да төтенше жағдай көбінде қандай себептерден болады?
- төмен сапалы электр жабдықтары орнатылғандықтан;
- электр желілерінің артық жүктелуі (шамадан тыс жүктеу), өрт қауіпсіздігінің сақталмауы, отшашуды қолдану (ашық от);
-тамақтану орындарының ашық отпен жұмыс істеуі (кәуап, гриль дайындау);
- электр жүйелерінің шамадан тыс жүктелуі электр сымдарының қысқа тұйықталуы одан ары өрт шығуға себеп болады;
- от шашуды қолдануы;
- уақытша электр жүйесін (ұзартқыш кабельдер) сияқты электр желілерін пайдалану, яғни кез-келген жабдық тұрақты түрде қосылуға тиіс; - электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің сақталмауы (шайнектер, колориферлер және т.б.)
- сығындыда майдың жинақталуы өрттің таралуына әкеліп соқтыруы мүмкін
tengrinews.kz