Отпен ойнама, балақай!

«Жеті жұттың бірі – өрт» екені баршаңызға мәлім. «Баланы жастан» демекші бала тәрбиесіне көп көңіл бөлгендеріңіз абзал! Әсіресе 10-12 жас аралығындағы жас өспірімдер өте әуесқой келеді. Ата – ана өз баласының қандай ортада жүргендігіне көңіл бөлгені дұрыс. Ауданымыздың өзінде өрттің шығуына себепкер жас балалар екені белгілі. Жұмысқа немесе басқа жаққа кетерде жас балаларды сыртынан құлыптап кетуге немесе оттық тәрізді от шығаратын заттарды балалардың қолы жететін жерге қойып кетуге еш болмайды. Осыны естен шығармаған жөн. Өрт еш нәрсеге аяушылық етпейді, одан әрдайым сақ болуы қажет.
Ата-аналардың есіне! Балаларыңыздың отпен ойнауына қатаң тыйым салғандарыңыз жөн. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» демекші, бала әр кез тыс жерлерде жүреді, сондықтан балаңыздың қай уақытта қай жерде жүргендігін бақылап отырғандарыңыз жөн. Құрметті аудан тұрғындары, Өрт тілсіз жау екенін ұмытпаңыздар. Салғырттыққа жол бермей, баршамыз тілсіз жаудан аман болайық.
Төтенше жағдайлар орын алған жағдайда 101, 112, 24-4-47,22-1-51 нөмерлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз.
С. БҮРКІТ,
Қазалы ауданының Төтенше
жағдайлар бөлімінің инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты