Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шалшық тазартылды, көше жөнделеді

Шалшық тазартылды, көше жөнделеді

Аудандық "Қазалы" газетінің 2024 жылғы 10 ақпандағы 12 санындағы тілші А.Қазмағамбетованың "Шылқыған шалшық, наразы халық" мақаласына сәйкес, келесіні білдіремін.
Жалпы кент аумағында жауын-шашыннан кейін суға толатындығы белгілі. Себебі көше бойында қосымша құрылыс нысандарын салу кезінде көшелердегі аяқсу арықтары көміліп қалғандықтан, көше бойына жауын-шашын суы жиналып қалатындығы өзіңізге мәлім.
Соңғы уақыттары жауын-шашынының, қардың көп түсуне байланысты, сондай-ақ ауа-райының тез жылып кемуіне сәйкес, жауған қар тез еріп, көшелер суға толатындығы рас. Осы мәәселені реттеу барысында кент әкімдігі тарапынан және тікелей осы жұмыстардың басында өзім жүріп, арнайы техникалар жұмылдырылып ұйымдастырылды. Атап айтқанда кенттің оратлық көшелердегі, шет аймақтағы көшелер қардан тазаланды. Сонымен қатар тұрғындардың өтінішіне сәйкес тікелей мекен-жайларға барып әлеуметтік мекемелер, мектептермен балабақшаға баратын қатынас жолдарының бойындағы еріген қардың және жаңбыр суын дер уақытында шығару жұмыстарын жүргізу үшін таң,ы сағат 7.30-дан бастап түнгі 24.00-ге дейін күнделікті 2 бригадаға жұмысшы тобын жасақталып жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің ассенизатор көліктері де жұмылдырылып, мейлінше халыққа қолайлы жағдайлар жасалды. Жалпы бұл келетін болсақ, аудан орталығы Әйтеке би кенті күннен күнге ұлғайып экономикалық даму барысында көшелер саны артуда.
Кентішілік көшелерді жөндеу немесе мүлдем жөндеу көрмеген көшелерге жол салу үшін кезектілік кестесі жасалып, алдағы уақытта жоспарланған кестеге сәйкес, жоба-сметалық жұмыстарын жасап бөлінген қаржы аясында қиыршық тас жолы мен асфальт қабатты тас жолдарын салу жұмыстары атқарылатындығын білдіремін.
М.БИСЕНБАЕВ,
Әйтеке би кенті әкімінің орынбасары
18 ақпан 2024 ж. 187 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031