Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықтық ансамбль рухани өнер сыйлады

Халықтық ансамбль рухани өнер сыйлады

Жақында аудандық оқушылар үйінде қазалылық көрермендер мерекелік концертті тамашалады. Онда ұлттық өнер, соның ішінде дәстүрлі ән мен күйді дәріптеп, халық мұрасын кеңінен насихаттап жүрген «Шашу» отбасылық халықтық ансамблі ұжымының өнерпаздары өз шығармашылықтарын паш етті. Мерейтойлық бағдарламаға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш арнайы қатысты.
Сахналық кеште Мұхтар Әуесұлы отбасылық өнер ұжымының жетекшілері Өмірхан Жетесов пен Амангүл Ешпановаға құттықтауын табыстап, Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп жатқан мерекелік кешке сәттілік тіледі. Сондай-ақ шығармашылық табыс тілеп, ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне лайықты үлес қосып келе жатқан өнер ұжымына аудан халқының атынан шынайы ризашылығын жеткізді.
Мұнан соң отбасылық халықтық ансамбль ұжымы ән мен күйден шашу шашып, ансамбль мүшелері домбыра, қобыз, жетіген, шаңқобыз, сазсырнай, сыбызғы, дауылпаз сынды өзге де аспаптарда шебер ойнап көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Айта кетейік, Өмірхан Жетесов пен Амангүл Ешпанова жетекшілік жасайтын отбасы өз балаларынан бөлек, 23 ұл-қызды бауырына басқан өнерлі шаңырақ иелері.
Бүгінде олар еліміздің түкпір-түкпірінде концерттер беріп, кездесулер өткізеді. Сонымен бірге бала тәрбиесі мен отбасы құндылығын насихаттап, ұлттық өнердің көкжиегін кеңейтуде.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
12 қараша 2023 ж. 361 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031