Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол қауіпсіздігі жауапкершілікті талап етеді

Жол қауіпсіздігі жауапкершілікті талап етеді


Көпке мәлім, соңғы күндері ауа-райының күрт құбылуына байланысты жол-көлік қозғалысы қиындап кетті. Әсіресе, таңғы уақытта мектеп пен балабақшаға қатынайтын балалардың жағдайы алаңдатады.
Осыған байланысты аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов аудандағы білім беру ұйымдарының басшыларына қауіпсіздікті қатаң сақтау жайында нақты тапсырма жүктеді. Бүгін аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында жеке балабақшалардың құрылтайшыларын қабылдап, көпшілікті алаңдатқан мәселе жайында әңгіме өрбітті.
— Қазіргі таңда оннан астам жеке балабақша бөбектерді тасымалдау қызметін көрсетеді. Осы тұста көлік жүргізушілеріне жылдамдықты асырмау, таң атқан тұста көктайғақ салдарынан орын алуы мүмкін тәуекелдер жайында ескерту жұмыстарын жүргізіңіздер. Балабақшада тәрбие-білім алатын әрбір құлыншақ үшін меңгерушімен бірге құрылтайшылар да жауапкершілікте болатынын ескертемін, – деді Әділхан Оңдасынұлы.
Сондай-ақ, бөбектерді тамақтандыру, асханадағы тазалықты ыждахатты түрде бақылауға алуды, білім бөлімі тарапынан тексеру жұмыстары күн тәртібінен түспейтінін ескертті.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
09 ақпан 2024 ж. 185 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930