Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазылған жайтқа орай

Жазылған жайтқа орай

“Қазалы” газетінің 12 желтоқсан 2023 жылғы № 98 номерінде жарияланған тілші АйнұрҚазмағамбетованың “Қараусыз қалған қазандық кімге қажет?” мақаласына орай хабарлайды.
Мектеп жанындағы қазандықты есептен шығару заңдылықтарға сәйкес жүргізіледі. Ал тұрғындар өміріне қауіп төндіруі мүмкін болған темір мұржаларды залалсыздандыруға байланысты жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы сақтық шараларын жасай отырып, мұржаны жерге түсірді. Қазандық қабырғасына жарықтандыру шараларын жасады. Ал аулаға жауапты қызметкерлер күнделікті тазалық жұмыстарын жүргізеді, бөгде адамдардың болмауын қадағалайды. Территорияда жалпы тұрғындарға арналған спорт алаңы бар. Мұнда көктем, жаз, күз айларында күнделікті спорттық ойындар ұйымдастырылады. Спорттық тренажерларға балалар, ішінара ата-аналар да келеді. Оларға тазалық, тәртіп сақтау туралы ұдайы ескертіліп келеді. Аудан әкімдігінен құрылған топтан басқа мектеп мұғалімдері мен еріктілер, құқық қорғау органы қызметкерлерімен бірлескен түнгі рейдтер тұрақты жүргізіліп тұрады. Оқушылар арасында құқық бұзушылыққа байланысты іс-әрекеттердің болмауы үнемі назарда.
Қымбат СЕРМАХАНАОВА,
С.Сейфуллин атындағы
№165 мектептің директоры

19 желтоқсан 2023 ж. 284 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930