Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қараусыз қазандық кімге қажет?

Қараусыз қазандық кімге қажет?

Ы.Алтынсарин атындағы №421 қазақ орта мектебінде оқушы санының көбеюіне байланысты 1988 жылы С.Сейфуллин атындағы №165 мектеп пайдалануға берілді.
Үш қабатты мектепте оқушылар үшін 41 оқу кабинеті, спорт залы, ер балалардың 2 шеберханасы, қыздардың тігін шеберханасы, акт залы, мәжіліс залы, кітапхана, асхана, дәрігерлік пункт жұмыс істейді. Ғылым мен техниканың озық жаңалықтары – лингафон, 2 мультимедиа, 7 интерактивті кабинеттері арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған шаралар іске асырылды. Бастапқыда 1176 орындық болып ашылған білім ордасын жылыту үшін мектеп ауласынан үлкен бу қазандық темір мұржасымен жұмыс істеп тұрды.

Уақыт өте мұржа тозып, ауыр салмақты еңсере алмай құлаған еді. Қайта құдай сақтап, адамға зияны тимеді. Осы күнге дейін тапжылмаған күйі сол жерде жатыр. Мұны қозғап отырған себебім, әлгі мұржаның орнына тағы да алғашқысынан сәл кішілеуі қайта қойылды. Кейін бұл бу қазандық істен шықты ма, әйтеуір қызметін тоқтатты. Қазір бос қаңырап тұр. Ол аумақтан өтетіндердің көңілі алаңдаулы. Салмағы бір емес, бірнеше үйді мыжып кетердей мұржа күндердің күнінде құламасына кім кепіл?! Бұған бас қатырып жатқан ешкімнің ыңғайын байқамадық. Бұл - бірінші мәселе. Екіншісі, бәріне белгілі қараусыз қалған ғимараттың ішіне ешкім кіре қоймас. Бірақ маңайын қараңғыда тасалайтындар жетерлік. Себебі ол аумақты қадағалап барлайтындар кемде-кем.
Бүгінде ауданда қаны бойларында тасып, қайда жұмсарын білмей дал болып жүрген жасөспірімдердің арасындағы төбелестің жиілеп кеткенін көріп жүрміз. Міне солардың жиналып, мәжіліс құратын ыңғайлы орны осы қараусыз қазандық тасасы. Олардан бөлек ішімдікке сылқия қызып алғандардың кикілжіңге түсіп, өзара мәселелерін шешетін жерге айналғаны қашшан. Осыған орай тұрғындардың наразылығы туындауда. Олардың ұсынысы – қазандықты мұржасымен қоса бұзылсын және сол маңайға жарықшам орнатылсын. Сонымен қатар осы учаскені құқық қорғау қызметкерлері жиі шолып тұрсын деген ниеттерін білдірді.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
12 желтоқсан 2023 ж. 191 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031