Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар арасында құқық бұзушылық көп, бақылау жоқ

Жастар арасында құқық бұзушылық көп, бақылау жоқ

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі Иса Байзақов көшесінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудан басшысына өздерінің ұсыныстарын жеткізген көпшілік Иса Байзақов көшесінде орналасқан бағаналарды жаңалау және түнгі жарықшамдар орнату қажеттігін жеткізді. Бұдан бөлек, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын жүргізу керектігін баяндады.

Мұхтар Әуесұлы айтылған түйткілдердің орынды екенін айтып, жарық мәселесіне қатысты аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөілімінің мамандарынан және «ҚЭТТК» АҚ Қазалы аудандық электр торабының бастығы Әнуар Райымбектен мән-жайды сұрады. Сол секілді аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкелеріне тәртіп мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

Кездесу барысында Әйтеке би кентінің әкімі Мұрат Әбсұлтановқа да мәселені зерттеп, баяндау керектігін айтты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

16 желтоқсан 2023 ж. 333 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031