Әлем әйелмен әдемі
Қазалы ауданындағы егіздер ауылы аталып кеткен Үрмәш Түктібаев атындағы ауылда облыстық ауыл әйелдерінің форумы өтті.
Ауылдық аумақтарды дамыту, ауыл әйелдерінің мәртебесін арттыру және қоғамдағы рөлін көтеру мақсатында ұйымдастырылған форумға батыр аналар, аудандарда әр салада қызмет жасап жүрген әйел-аналар, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қонақтарды қошеметпен қарсы алған "Әжелер" ансамблі ән шашуын арнап, қонақтарға ерекше әсер сыйласа, құлақ құрышын қандырар ән мен күйдің қатар төгілуі қазақтың мәдениеті мен төл өнерінен толағай тарту болды. Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған жергілікті кәсіпкер әйелдердің қолынан шыққан қолөнер бұйымдары мен түрлі тамақ өнімдерінің жәрмеңкесі аудан әлеуетін арттырып, мерейін өсірді.
Форумның алғы сөзін облыс әкімінің отбасы және әйелдер істері жөніндегі уәкілі Гүлнар Жұмашева ашып, әрі қарай аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев жалғастырды.
Сонымен қатар облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Арыстанқызы өз сөзінде жылына бір рет өтетін әйелдер форумын өткізуді Ү.Түктібаев ауылында ұйымдастыру бекер таңдалмағанын айтты. Оған қоса егіздер ауылы атанып кеткен елді мекеннен 25 егіздер мен 3 үшемдер дүниеге келгеніне таңқалысын жасырмады.
Мұнан бөлек, басқосуда егіздерді дүниеге алып келген аналардың жағдайынан хабар алып, көкейде жүрген сауалдарын сұрап, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Облыстық әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова, «Қазақстан әйелдері күштері Альянсының» Қызылорда облысы бойынша филиалының төрайымы Рахима Ахметова сөз алып, форумның мақсаты мен облыс көлемінде әйел-аналардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайына тоқталып, форумның жұмысына сәттілік тіледі.
Шара барысында бірқатар әйел-аналар сөз алып, форумға қатысты өз ойларын жеткізді.
Форум жұмысы шараның сексиялық отырысымен жалғасып, "Әйел және қоғам", "Әйел және еңбек", "Дені сау бала — дені сау ұрпақ" тақырыптары тереңнен талданды. Еңбекші әйелдерді насихаттау, ана мен бала денсаулығы мәселелері көтеріліп, мазмұнды шараның маңызы арта түсті.

️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі