Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Техниканың тілін тапқан

Техниканың тілін тапқан

«Еңбегің қатты болса, тапқаның тәтті болады» деген рас. Бұл сөзімізге дәлел ретінде ауданда үздіктер қатарындағы «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бес аспап комбайнері Жеңіс Қошқарбаев жайлы айтамыз.
Жеңіс Нұрмағамбетұлы дала төсін өзіне бағындырған майталман маман қырық бір жыл қара жұмыстың бел ортасында өзін шыңдап келеді. Өзі ширақ, дене бітімі шымыр азамат бала кезден техникаға қызыққан. Сол замандарда кеңестік талаптарға сай мектеп бітірген түлектерді егіске жұмылдыратын. Міне содан бері таңғы 4-тен түннің біруағына дейін егін алқабында тер төгеді.
– Отбасында 12 ағайындымыз. Бүгінде барлығы жан-жақта тұрады. Бір қызығы, інімнің аты Рақымжан. Бірақ біздің есімдерімізді кім қойғанына мән беріп, сұрамаппын. Әкем құрылысшы болса да, бұл саладан еш хабарым да жоқ. Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ трактор айдауға қызығатынмын. Сол кездің маңдайалды мамандықтарының бірі – механизатор еді. Жастайымнан дала төсіне механизатор ретінде үлесімді қосып келемін. Азаматтық борышымды да өтеп келген соң қайта қызметімді тастамай, жалғастырдым. Қазір германиялық «Класс Лексион-780» комбайнын тізгіндеп жүрмін. Жанымда кенжем Сәтжан әскерден соң механизатор болып орналасты. Осы күні жер айдап жатыр. Шымкентте шекарада борышын өтеген оны техникаға бейімдегеннен бе, менің ісіме қызығушылық танытты. Бағыт-бағдар беріп, бар білгенімді үйретудемін. Тіл-көзден сақтасын, биыл егін жақсы өнім берді. Еңбекті басшылар жақсы елеп тұрады. Мәселен, 2017 жылы жақсы көрсеткіш үшін көлік алдым. Келесі жылы немістерден комбайнды тез меңгергеніме Алғыс табыстады. Сонымен бірге «Еңбек даңқы» орденін кеудеме тақтым. Бұл ретте Медеу Есқожаевқа айтар алғысым шексіз, баталы тілеуім де ерек. Менен бөтен де әріптестерім осылай көтермеленгенде айрықша қанаттанып, жауапкершіліктері арта түседі, – дейді Жеңіс Қошқарбаев.
Ел үшін еңбек етіп, ешқашан еңбегін бұлдамаған ақегіс бригадирі Мейрамбек Жами шаруашылықтағы озат комбайнерді арзан атақ, дақпырт даңқ қумаған жан дейді.
– Жеңіс ұжымда өте сыйлы азамат. Ол механизаторлардың ірісі десем артық айтқаным емес. Адам еңбегімен еселі болады. Бізде 15 механизатор болса, солардың ұстазы. Кімде қандай техника бар. Соларға қатысты кез келген ақыл-кеңесін беруден жалықпайды. Техниканың көзін таниды. Ақауды дөп басады. Ол да әркімге қона бермейтін ерекше қасиеттің бірі. Алайда жаз бойы текке жатпайды. Бос уақыты жоқ. «МТЗ-80» трактордың кабинасы отырып, көктем шыға жерге тыңайтқыш және бидай мен жоңышқа себуге атсалысады. Егістіктегі 150 гектарға бидай, 157-нің 130 гектарына жоңышқа екті. Сосын 750 гектар жерге тыңайтқыш септі. Бұдан бөлек күріш егіп болған соң жоңышқа 1200-1500-ге дейін пресс басты. Ақжарқын, ренжуді білмейтін көңілді жандар қатарынан. Онымен қызметтес болу сондай жағымды. Жақында жас жігіт Бейбіт Якудаға «Класс Тукан» германиялық комбайнын меңгеруге қолғабыс болды. Қазір бірлесіп, еңбек етуде, – дейді ақегіс бригадирі.
 «Көктемде жерге түскен бір дән, күзді күні мың дән болады» деген бар. Ала жаздай тырбанып, жер тырнаған диқандар тағы бір жемісті жылды артқа тастады. Жер тырналасаң, қолыңды құр қайтармай несібеңді үйіп төгетіндігін агроөркендіктер дәлелдеп шықты. Нағыз құрметке дала төсінде тер төккендер лайықты. Бүгін ырзығын жинап алған ел де, құрметке ие болған еңбек иелерінің көңілі мәз-мейрам.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
12 қараша 2023 ж. 169 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 36

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 32

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930