Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан оқушылары робототехникадан әлем чемпионы атанды

Қазақстан оқушылары робототехникадан әлем чемпионы атанды

Сингапурда өткен робототехникадан FIRST Global Challenge ең ірі чемпионатында Қазақстан оқушылары рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Аталған жеңіспен ұлттық құрама былтыр Женевада алған чемпиондық атағын қайталады, деп жазады egemen.kz
Қазақстан құрама командасында Алматы қаласындағы НЗМ оқушылары Нұрислам Тұрғынбай, Нұрсұлтан Жанзақов, Сергей Гапонов, Дәмелі Шаймерденова, Иманәлі Көксал болды. Ұлттық құрама бапкерлері – Бекзат Іңкәров пен Нұрдәулет Досмағамбет.
Еліміздің әр түкпірінен 200 оқушы арасынан ұлттық кезеңде іріктелген мықты команда Сингапурға келіп, әлем чемпионатында ұпай көрсеткішімен рекорд орнатқанын тілге тиек еткен USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мырзахметов сонымен қоса, команданың халықаралық ынтымақтастық үшін төрешілердің марапаттарына ие болуы үлкен мақтаныш екенін һәм Қазақстанда робототехника жыл өткен сайын халықаралық брендке айналып келе жатқанын атап өтті.
Жыл сайын әртүрлі елде өтетін FIRST Global Challenge олимпиадалық үлгідегі жаһандық робототехника чемпионатына биыл 190-нан астам ел қатысқан.
Еске салсақ, робототехника олимпиадасының іріктеу кезеңдері шеңберінде Ұлттық құрама Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жасақталған.
11 қазан 2023 ж. 304 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031