Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Татарстан Раисы Рустам Миннихановты қабылдады

Мемлекет басшысы Татарстан Раисы Рустам Миннихановты қабылдады

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, аграрлық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды egemen.kz
Мемлекет басшысы Қазақстанмен арадағы экономикалық ықпалдастық ауқымы бойынша Татарстан Ресей өңірлері арасында жетекші орынға ие екенін атап өтті.
«Қазақстан мен Татарстанның ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді және Ресей Федерациясымен көпжақты қарым-қатынасымызда маңызды рөл атқарады деп айтуға толықтай негіз бар. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 22,5 пайызға өсіп, 597 миллион доллардан асты. Машина жасау саласында «Татнефть», «КАМАЗ» компанияларының қатысуымен ірі жобалар табысты жүзеге асырылып жатыр. Бұдан да бөлек жобалар бар», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Рустам Минниханов Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселесіне назар аударды.
«Құрметті Президент, кездесуге уақыт бөліп, бірлескен жобалар туралы баяндауға мүмкіндік бергеніңіз үшін Сізге алғыс айтамын. Сондай-ақ бүгінгі «Иннопром» көрмесі үшін ризашылығымды білдіремін. Дайындық өте жақсы жүргізілген әрі жоғары деңгейде өтіп жатыр. Біз 100-ден астам адамнан және 38 компаниядан тұратын үлкен делегацияны ала келдік. Біздің міндетіміз – ірі бизнесті таныстырып, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту ғана емес, сонымен қатар шағын және орта кәсіпорындарымыздың Сіздің еліңізбен белсенді жұмыс істеуіне септігімізді тигізу», деді Татарстан Раисы.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық форумы өзара ынтымақтастық үшін оңтайлы алаңға айналғанын атап өтті. Биыл қараша айында Қостанайда өтетін Форумның тақырыбы ауыл шаруашылығына арналмақ. Президент ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу ісіндегі мол тәжірибе мен осы саладағы серіктестік әлеуетінің зор екенін ескере отырып, Татарстан кәсіпкерлері бұл бағытқа қызығушылық танытатынына сенім білдірді.
25 қыркүйек 2023 ж. 223 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 101

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 98

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 97

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 89

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930