Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Біздің "ашық есік" инвестициялық саясатымыз өзгермейді

Тоқаев: Біздің "ашық есік" инвестициялық саясатымыз өзгермейді

Қазақстан президенті өз аккаунтында жаңа твит жариялады – ол Қазақстанның халықаралық қауымдастықпен қарым-қатынасына қатысты. Бұл туралы Caravan.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында мемлекеттің халықаралық қарым-қатынасына қатысты бірнеше тезис жариялады.
"Қазақстан халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрқашан дайын. Еліміз бен халқымыздың игілігі үшін серіктестерімізбен арадағы тығыз байланыстарды нығайту ісін жалғастырамыз. Біздің "ашық есік" инвестициялық саясатымыз да өзгермейді", - деп жазды ол.
24 қаңтарда Тоқаев Татарстан басшысы Рустам Миннихановпен кездесті. Олар сауда-экономика, өнеркәсіп және технология салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстан президенті Татарстанның Қазақстанмен экономикалық, өнеркәсіптік және технологиялық ынтымақтастық бойынша Ресей Федерациясы субъектілері арасында көш бастап тұрғанын атап өтті. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Татарстанмен өзара тауар айналымы 423 миллион доллар болған.
25 қаңтар 2022 ж. 608 0

Алтынның құны тағы көтерілді

12 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031