Тоқаев Асан Жүсіповті жаңа қызметке тағайындады
Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
Асан Жүсіпов 1973 жылы 10 ақпанда Көкшетау облысында туған.
Қарағанды РАИМ-нің 1991 жылғы түлегі. 1995 жылы АЖҚҚУ-ды тәмамдаған. 2003 жылы ҚР ҚМ Әскери академиясын, 2015 жылы ҰҚУ Бас штабы факультетін бітірген.
Мотоатқыштар взводы, ротасы, батальоны, мотоатқыштар бригадасының штаб бастығы, танк бригадасы командирі қызметінде жұмыс атқарды.
1995 жылғы сәуірден бастап 2001 жылғы тамыз айына дейін взвод командирі лауазымынан бастап 40398 әскери бөлімінің мотоатқыштар батальоны командирі лауазымдарын атқарды.
2001 жылғы тамыз бен 2003 жылғы маусым аралығында ҚР ҚК Әскери академиясының тыңдаушысы болды.
2003 жылғы маусым және 2008 жылғы наурыз аралығында 27943 әскери бөлімі штаб бастығы – командирдің орынбасары мен командирі лауазымын атқарды.
2008 жылғы наурызда 21450 әскери бөлімі командирі болып тағайындалды.
2012 жылғы тамыз айында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері (жауынгерлік даярлық бойынша) қолбасшысының орынбасары – жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы ретінде тағайындалды.
2013 жылғы тамызда Ұлттық қорғаныс университетіне тындаушысы болып қабылданды.
2015 жылғы маусымда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасы өңірлік қолбасшылық әскерлері (жауынгерлік даярлық бойынша) қолбасшысының орынбасары – жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы ретінде тағайындалды.
2016 жылғы қараша айында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының штаб бастығы – бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылғы 15 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы болып тағайындалды.