Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқырман отбасылар сайысқа түсті

Оқырман отбасылар сайысқа түсті

Бүгін Әйтеке би кенттік мәдениет Үйінде аудандық орталық кітапхананың және "AMANAT" партиясы Қазалы аудандық филиалына қарасты "Өнерпаз" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында «Оқуға құштар отбасы» атты оқырман отбасылар арасында сайыс өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты - әдеби шығармаларды насихаттап, оқырман отбасыларының шығармашылық қабілеттерін, тұлғалық сезім мәдениетін дамытып, отбасымен кітап оқуға шақырып дағдыландыру.
жерлерден отбасылар қатысып, байқаудың шарты бойынша қатысушылар оқыған кітаптары бойынша таныстырылым жасап, шығармаларын оқып берді. Сондай-ақ білім алуға, өнер үйренуге шақырған даналыққа толы кітаптарды оқуға ұсынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Түктібаев ауылының «Ізатовтар» отбасы қанжығаласа, екінші орынды Қ.Пірімов ауылының «Аппазовтар» отбасы, ал үшінші орынды Абай ауылының «Нұрбаевтар» отбасы иеленді. Байқау жеңімпаздары мен басқа да қатысушыларға диплом, алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар және партияның «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы аясында бірқатар оқушыларға мектеп құралдарынан тұратын сөмкелер табысталды.
Жиынға арнайы аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Есет Табынбаев қатысты.
#AMANAT
02 тамыз 2023 ж. 487 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 152

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031