Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік қызметшілерге казиноға баруға шектеу қойылады

Мемлекеттік қызметшілерге казиноға баруға шектеу қойылады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Президенттің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге ойын мекемелеріне барудан бас тартуға нұсқау берген түзетулер жобасын әзірледі, деп хабарлайды egemen.kz
Билік өкілдерінің ойын мекемесіне бару фактісі қоғам тарапынан негізделген сын тудырады. Оларға жоғары талаптар қойылған, олар азаматтардың алдында мемлекеттік биліктің қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуі керек.
«Қызметтік әдеп нормаларының талаптарын сақтау шеңберінде әскери қызметшілерді, мемлекеттік қызметшілерді және құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік қызметшілердің «Ойын бизнесі туралы» заңда көзделген ұйғарымға жататын ойын мекемесіне барудан бас тартуға ынталандыруға бағытталған ұсынымдық сипаттағы нормаларды енгізу ұсынылады», делінген түсіндірме жазбада.
Десе де мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызметтік қажеттілік туындаған жағдайда казиноға бара алады. Ал әскери қызметшілер үшін ерекшеліктер қарастырылмаған.
Жоғарыда аталған жобаға сәйкес Президенттің үш жарлығына өзгерістер енгізу көзделген. Олар:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы»;
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»;
«Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексін бекіту туралы».
Жоба 28 тамызға дейін «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін орналастырылған.

15 тамыз 2023 ж. 194 0

Ұлттық тәрбие құндылығы

07 қыркүйек 2024 ж. 71

Зейін неге тұрақсыз?

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Бірлік пен берекенің ұясы

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30