Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда құлдыққа түскендерге бюджет есебінен қандай көмек көрсетіледі

Қазақстанда құлдыққа түскендерге бюджет есебінен қандай көмек көрсетіледі

Ішкі істер министрлігі Қазақстанда бюджет қаражаты есебінен құлдыққа түскендерге қандай көмек көрсетілетінін айтты. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәбірленушілерге қылмыстық іс қозғалғанына қарамастан, әлеуметтік, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени-экономикалық және заңгерлік қызметтердің 8 түрі көрсетілетіні айтылды.
"Адам саудасының құрбандарына мемлекеттік бюджет есебінен көмек көрсетіледі. Бұл нормалар Қазақстан азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқтарға қатысты", - деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасының бастығы Самат Күсетов.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары Гауһар Қалмақова Әлеуметтік кодекс аясында жаңа стандарттар қабылданғанын айтты.
"Стандарттар, біріншіден, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын анықтайды. Сонымен қатар, жаңа стандарттар арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін барлық мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл механизмін айқындайды.
Бізде 6 айға дейін қызмет көрсету мерзімі бар. Қажет болған жағдайда мерзімдер ұзартылуы мүмкін. Былтырдан бастап шетел азаматтарын қабылдай бастадық. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 15 шетелдікке арнаулы әлеуметтік қызмет көрсеттік", - деді Қалмақова.
28 шілде 2023 ж. 292 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031