Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда адам саудасына қарсы заң әзірленіп жатыр

Қазақстанда адам саудасына қарсы заң әзірленіп жатыр

Қазақстанда алғаш рет адам саудасына қарсы күрес туралы заң әзірленіп жатыр. Ішкі істер министрлігі қазір бұл қылмыс түрлеріне қатысты жеке заң жоқтығын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазіргі басты бағыттарының бірі - Қазақстанда адам саудасына қарсы күрес туралы заң жобасын әзірлеу. Адам құқықтарын қорғау және адам саудасына қарсы күрес саласындағы халықаралық конвенцияларда ратификацияланған көптеген ереже ұлттық заңнамаға енгізілді. Бұл ретте елімізде жеке заң қабылданған жоқ", - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Нұрмағамбетов.

Тұжырымдаманы әзірлеу 2022 жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады. Ал заң жобасы 2023 жылдың сәуірінде қабылданады деп жоспарланған.

"Жалпы, заң жобасы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін құруға, уәкілетті органдарды анықтауға, ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл мәселелерін реттеуге, кәмелетке толмаған жәбірленушілерді қорғауды қамтамасыз етуге, адам саудасының шетелдік құрбандарына көмек көрсетуге, халықаралық міндеттемелерді орындауға және басқаларына бағытталған", - деп түсіндірді Нұрмағамбетов.

26 шілде 2022 ж. 770 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 247

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031