Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек демалысы кезінде МӘМС үшін жарна аударуға міндетті ме?

Еңбек демалысы кезінде МӘМС үшін жарна аударуға міндетті ме?

Ұзақ еңбек демалысы кезеңінде медициналық сақтандыру үшін аударуға міндетті ме? Егер кәсіпкердің табысы болмаса МӘМС жүйесіне жарна төлеуі керек пе? Оқырмандардың осы және басқа да сұрақтарына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова жауап берді
2024 жылдан бастап БЖТ болмайды деген ақпарат рас па?
Бірыңғай жиынтық төлемін алып тастау Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шешімі емес. БЖТ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін) уақытша енгізілген еді әрі оны тек басқа жеке тұлғаларға жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін сататын және қызметтер көрсететін жылдық табысы 1175 айлық есептік көрсеткіштен аспаса төлей алады. 2024 жылы сақтандырылған мәртебесін жоғалтпау үшін азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп немесе дербес төлеуші ретінде жарна төлейді. Егер БЖТ төлеушілердің өткен 1 жылға төлемі болса, 2024 жылдан бастап әр ай сайын дербес төлеуші ретінде төлем жасай алады (2023 жылы – 3 500 теңге). Азаматтардың сақтандырылған мәртебесі болуы үшін, МӘМС туралы заңға сәйкес, 12 айға төлемі болуға тиіс.
Ресми түрде жұмыссыз, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке ұйымдардың бірінде уақытша жұмыс істеймін. Жұмыс беруші мен үшін МӘМС аударымдары мен жарналарын төлеуі керек пе?
«МӘМС туралы» Заңның 26-бабына сәйкес азаматтардың 15 жеңілдік санатына жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар кіреді. Бірақ егер Сіз жұмысқа турып қызметкер болсаңыз, онда Заңның 14-бабына сәйкес жұмыс беруші Сіз үшін ай сайын МӘМС-ке аударымдар мен жарналарды төлеуге міндетті.
2023 жылы жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін аударымдары 3% - ы құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 21 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 3% - і болып саналады. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2023 жылы табыстарының 2% құрайды. Жарнаның ең жоғары сомасы 14 000 теңгені құрайды. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 2% - і болып саналады.
Егер кәсіпкердің табысы болмаса, ол нөлдік кіріс тапсырады. Бұл жағдайда қалай болады?
Егер жеке кәсіпкер нөлдік декларацияны тапсырса, ол өзі үшін жарналарды төлеуге міндетті, себебі мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұр.
«МӘМС туралы» Заңның 28-бабының 5-тармағына сәйкес ЖК, ШҚ иелерінің, жеке практикамен айналысатын адамдардың ай сайынғы төлем мөлшері 2023 жылы 4900 теңгені (1,4 ЕТЖ-дан 5%) құрайды.
«МӘМС туралы» Заңның 31-бабына, 1-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлем жасамаған жағдайда төлем жасалған күнді қоса алғанда, әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген соманың 1,25% мөлшерінде айыппұл салынады.
Егер жеке кәсіпкер, оның қызметкерлері зейнеткерлер, студенттер, мүгедектер, көп балалы аналар, тиісті марапаттары бар болса, өзі және жұмыскерлері үшін жарна төлемейді. Барлық басқа жағдайларда, тіпті ЖК басқа жеңілдікті санаттарға кіретін болса да, жарналарды төлеу қажет.
Тиісінше, егер жеке кәсіпкер салық органдарымен қызметін және салық есептілігін тоқтатқан болса, жұмыс істемесе және кіріс ала алмаса, бірақ сонымен бірге жеке тұлға бола тұра, үш жасқа толғанға дейін бала күту немесе бала күтімі бойынша демалыста болса, онда бұл адам міндетті медициналық сақтандыру үшін жарна төлеуден босатылады.
Ресми түрде жұмыс істейтін адам 56 күндік ұзақ демалысқа шықты. «Сақтандыру» мәртебесін сақтап қалу үшін МӘМС-ке жарнаныі қалай төлейді?
Сіздің жұмыс берушіңіз міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін дұрыс бөлуі қажет. Егер демалыс бірнеше кезеңді (бір айдан астам) қамтитын болса, онда міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін кезеңдерге бөлуі тиіс. Мысалы, сіз тамыз және қыркүйек айларында демалыста болды делік. Бұл жағдайда есепші төлемдерді бір сомада емес, екі түрлі кезеңге (тамыз және қыркүйек) есептеуі керек.
Егер сізде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз емхананың анықтама қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1414 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.
18 шілде 2023 ж. 233 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 70

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930