Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнерімен өркендеген әулет

Өнерімен өркендеген әулет

«Сыр өңірі – жыр өңірі» деп талай ақын жырлаған Сырдың бойы расымен талант пен өнерге бай өлке. Бұл жерден ежелден өнер мен қасиет қонған Қорқыт бабамыз, қазақтың атын асқақтатқан жарық жұлдыздар – Роза Бағланова, жезтаңдай әнші Мәдина Ералиева, дарынды композитор Кеңес Дүйсекеев сынды мәдениет көгіндегі темірқазығы саналған перзенттердің өмірге келуі оған айқын дәлел болса керек. Солардың бірі – өнерімен өнеге өрбіткен, аудан абыройын асқақтатып, талай биік мінберлерден көрінген Махамбет Әуезов пен оның «Әуезовтер» отбасылық ансамблі.
Мәдениет майталманы Махамбет Әуезов 1926 жылы Сарыкөл ауылында дүниеге келген. 1931 жылы ашаршылық, қуғын-сүргін кезінде әкесі Әуез Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданына көшеді. Кейін білім ошағын тәмамдап, ер жеткен Махамбет 1947-1952 жылдарда Нөкіс қаласындағы педагогикалық институтын тарих-филология факультетіне түседі. Жоғары оқу қабырғасында жүріп, Москва қаласындағы Чайковский атындағы мемлекеттік консерватория түлегі Александр Павлович Закаринкодан қосымша дәріс алып, институтты сәтті тәмамдайды. Сонан соң Тақтакөпір ауданында орта мектепте ұстаздық етеді.
Араға біршама уақыт салып, 1957 жылы елге оралып, Қазалы ауданы, Лақалы елді мекенінде сегіз жылдық мектепте сурет, сызу және музыка пәндерінен сабақ берді. Одан кейін 1961 жылдан өмірінің соңына дейін №87 орта мектепте сурет, өнерден балаларға дәріс беріп, сауатты, адал оқытушы болды.
Бір жылдан соң ауданның мәдениеті мен өнеріне тығыз араласып, скрипка, домбырада ойнап, аудан халқына таныла бастады. Сегіз оқушыдан "Скрипачтар" ансамбльін құрып, облыста бірінші орынды алды.
1967-1969 жылдары Махамбет Әуезов Қазалы ауданының ұлт аспаптары оркестрін басқарып, бірнеше мәрте облыс жүлдегері атанған.
Жары Жеңіс екеуі 3 қыз, 4 ұл тәрбиелеп өсіріп, олардың әрқайсысын музыка өнеріне баулиды. Содан 1975 жылы Махамбет Әуезов өзінің ұл-қыздарынан алғаш отбасылық ансамбль құрып, халық арасында құрметке ие бола бастады. Облыста, республикада отбасылық ансамбльдердің байқауларына қатысып, бірнеше рет лауреат атанды.
Содан бері өнерімен өркендеген әулет – өнеге өрбітер өмір иесі Махамбет Әуезовтың жолын жалғап, Әуезовтер отбасылық ансамблі болып елге танылып, аудан абыройын асқақтатып келе жатқандарына бүгінде 45 жыл толып отыр. Базар жырау айтқандай «Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған» демекші, балаларының алды ҚР «Мәдениет саласының үздігі» болып, нағыз мәдениет майталманы атағын арқалап жүр.
Сәрсенбіде аудандық Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығында күйші, қобызшы, музыкант Махамбет және Романқұл Әуезовтер атындағы «Қастерлеп жүрсін өнеріңді ұрпағың» атты республикалық дәстүрлі отбасылық ансамбльдер байқауы өтті.
Байқауға Тараз, Атырау, Ақтөбе қалалары мен Арал, Шиелі, Сырдария аудандарынан келген халықтық отбасылық ансамбльдер қатысты.
Келген қонақтар ең алдымен «Әуезовтер» халықтық отбасылық ансамблінің 45 жылдығына арналған көрмемен танысты. Мұнан соң байқаудың ашылу салтанаты өтіп, көпшілікке қатысушы ансамбльдер таныстырылды. Басқосуда аудан әкімінің міндетін атқарушы Күнтілес Назымбеков ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Баршаңызды күйші, қобызшы Махамбет және Романқұл Әуезовтер атындағы дәстүрлі республикалық халықтық отбасылық ансамбльдер байқауының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын.
Өздеріңізге мәлім, Сыр өңірі – талант пен өнерге бай өлке. Ел арасында «Жыр елі» аталып кеткен мекеннен талай шайырлар мен жыр дүлдүлдері түлеп ұшты.
Қазалы ауданының мәдениетінің тарихы да салмақты, өткені мен келешегі де кемел. Осы қасиетті топырақта дүниеге келген өнерлі жандардың арасында күйші, қобызшы Махамбет және Романқұл Әуезовтердің шоқтығы биік. Киелі өнерді дәріптеп, қастерлей білген Әуезовтер отбасы – ауданымыздың мақтанышы.
Өмірлерін өнер жолымен байланыстырған бұл тұлғалар өз замандарында ел мәдениетін дамуына зор үлес қосты.
Бүгінде ата мұрасын өнерлі ұл-қыздары жалғастырып келеді. Өздері негізін қалаған отбасылық ансамбль әлі күнге халыққа қызмет етуде. Ансамбль құрамы әулеттегі өнерлі немерелермен толыққан.
Төл өнердің дамуына үлес қосар осындай отбасыларды насихаттау, олардың қатарын көбейту, ансамбльдер арасындағы шығармашылық байланысты дамыту мақсатында бүгінгідей ерекше байқау ұйымдастырылып отыр.
Осы бір айтулы күні өңіріміздің мәдениеті мен өнерін өркендетудегі қызметтеріңіз үшін Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін.
Ел мәдениетінің одан әрі гүлденуіне, өнеріміздің асқақтауына қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер, – деді Күнтілес Айдарбекұлы.
Сонымен қатар «Әуезовтер» отбасына облыс әкімінің орынбасары Н.Сақтағановтың, аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың «Құттықтауын» табыстады.
Бұдан кейін көпшілік ансамбльдің 45 жылдығына орай жарық көрген «Өнерімен өркендеген әулет» атты кітаптың тұсаукесерінің куәгері болып, ансамбльдердің өнерін тамашалады.
Дарынды отбасылардың өнеріне ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, күйші-қобызшы Арман Әуез, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, ҚР «Мәдениет қайраткері», «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Сәукен Әліш, Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледжінің оқытушысы Төлеген Каденов, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Шымкент Саз колледжінің ұстазы, филармония ұлттық оркестрінің, опера театрының симфониялық оркестрінің концертмейстері Космонавт Аюбаев және Қазалы ауданының білім саласының ардагері, «Атамұра» халықтық ардагерлер ансамблінің сүйемелдеушісі, дирижер, қобызшы Ерпазыл Жүсіп қазылық етті.
Нәтижесінде республикалық байқаудың бас жүлдесі Ақтөбе қаласынан келген «Шашу» халықтық отбасылық ансамбліне бұйырды. Сол секілді бірінші орын сырдариялық «Сәдуақасовтар», екінші орын Атырау қаласынан «Қарабалиндер» және үшінші орынды Тараз қаласынан қатысқан «Жаңабаевтар» халықтық отбасылық ансамблі иеленді. Ал арнайы жүлдеге Арал ауданынан келген «Қадырқұловтар» отбасы қол жеткізді.

Серік АҚМЫРЗА
10 маусым 2023 ж. 355 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930