5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
1972 жылы Біріккен Ұлтар Ұйымы экология мәселесіне адамзат назарын аудару үшін 5 маусымды Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп белгіледі. Оқырман назарына «Egemen Qazaqstan» газетінің 5 маусымдағы №104 (30583) санында жарық көрген «Пластмассаға көмілген әлем» мақаласынан алынған деректерді ұсынамыз.
- Жыл сайын әлемде 400 миллион тонна пластик қоқыс шығарылады.
- 400 миллион тонна қоқыстың жартысына жуығы – сусын құтысы, қаптама секілді бір реттік пайдаланылатын пластмасса өнімдер.
- Пластик қалдықтың тек он пайызы ғана қайта өңделеді.
- Жыл сайын 23 миллион тонна пластмасса өзендерге, көлдерге, теңіздер мен мұхиттарға ағып кетеді.
- 2050 жылға қарай пластик өнім тұтыну көлемі екі есеге артады.
- Әлемде орташа есеппен тәулігіне жан басына шаққанда 0,74 килограмм қоқыс тасталады.
- Қазақстанда жылына орта есеппен 5 миллион тонна тұрмыстық қалдық шығады.