Қызылордада 62 000 тонна қалдық залалсыздандырылды

Облыста 145 полигонға жер учаскесі белгіленген. Оның 7-і ғана экологиялық талапқа сай.
«Өткен жылы 96 экологиялық заңнама талаптарын бұзу фактісі анықталып, кемшіліктерді жою үшін тиісті жұмыстар жасалды. Мұнан өзге, 35 әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғалып айыппұл салынды. Сонымен қатар, облыста қалдықтарды сұрыптайтын 3 кәсіпорын бар. Атап айтқанда, Белкөл кентінде орналасқан «Ибрайхан и К ЛТД» ЖШС-нің полигонындағы жинақталған шыны, автошина, пластик, мата, құрылыс тамақ қалдықтары сұрыпталуда. «Smart Rubber» ЖШС автокөліктердің жарамсыз шиналарын қайта өндеп, тамшылатып суаруға арналған түтіктерін өндіруде. «Эко-Н Сервис» ЖШС істен шыққан жарамсыз құрамында сынабы бар шамдарды залалсыздандыруда. Бұған қоса, 136 заңсыз қалдық орны анықталып, оның 131 жойылды»,-деді Нұржан Өмірсерікұлы.Айта кетейік, 2020 жылдан бастап тамақ және құрылыс материалдары қалдықтарын полигондарға көмуге тыйым салынған.