Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдария өзеніндегі су деңгейі бақылауда

Сырдария өзеніндегі су деңгейі бақылауда

Бүгінгі өткен брифингте Сырдария өзеніндегі су деңгейі туралы айтылды. Сала мамандарының айтуынша, Сырдария өзеніне күнделікті бақылау жұмыстары жүргізіліп, егіс алқаптарына жіберілетін су көлемі толық қамтылғанын жеткізді.
«Шардара су қоймасында 4301 млн.текше метр су бар. Қоймаға түсіп жатқан су көлемі секундына - 82,8 текше метр, ал төменге тасталып жатқан су көлемі секундына - 200 текше метр. Мұнан өзге, Көксарай су реттегішіндегі су көлемі - 750,56 млн.текше метр болса, Әйтек су торабынан өзеннің төменгі ағысына жіберілген су көлемі секундына - 5 текше метрді құрап отыр. Шардара су қоймасымен Көксарай су реттегішінің жұмыс кестесі бақылауға алынды. Жергілікті атқарушы органдар және су шаруашылығы ұйымдарымен Сырдария өзеніндегі су деңгейіне күнделікті бақылау жұмыстары жүргізілуде», - деді «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Зейнулла Қазтоғанов.
Өздеріңізге белгілі, вегетациялық кезеңнің басталуына байланысты каналдармен суармалы егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
«Егілген егісті суармалы сумен қамтамасыз ету бойынша дайындалған алдын ала су пайдалану жоспарына сәйкес секундына 464 текше метр су көлемі каналдармен толық қамтамасыз етілуде. Бүгінде 62,9 мың гектар күріш дақылы суға бастырылған. Қазіргі таңда филиал тарапынан күнделікті каналдармен судың алынуы мен егістікке дейінгі берілуі толық бақылауда», - деді «Қазсушар» РМК Қызылорда облысы филиалының су шаруашылығы нысандарын пайдалану бөлімінің басшысы Айдос Асанбаев.
25 мамыр 2023 ж. 453 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 182

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930