Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық дихандар биыл 6637 гектар жерге күріш екті

Қазалылық дихандар биыл 6637 гектар жерге күріш екті

Биыл Қазалы ауданы бойынша 17 685 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Оның ішінде күрiш көлемі 6637 гектарды құрайды. Ауданда күріш егу жұмыстары сәуір айының 25-де басталып, 31 мамырда толығымен аяқталды.

«Қазіргі таңда егілген күріштің 6088 га суға бастырылды. Әліде 389 га жер суға бастырылмаған. Суға бастырудың оңтайлы мерзімі 5-ші маусымға аяқталуы тиіс. Дегенмен қазіргі уақытта әлі де 10 күнге созылуы мүмкін. Бүгінде күріштің пісу мерзімі қысқа «Сыр сұлуы» сорты егілуде»,-деді Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков.
Қазалыда суды тиімді пайдалану мақсатында шаруашылықтар өз күштерімен 9,2 км шаруашылық, 12,7 км ішкі шаруашылық каналдарға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізді.
«Бүгінгі мәлімет бойынша, Шардара су қоймасына секундына 76,9 текше метр су түсуде. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1 текше метрге кем. Қоймадағы су көлемі 4033 млн. текше метр. Ал қоймадан төменге секундына 200 текше метр су жіберілуде, бұл өткен жылдан 50 текше метрге аз. Ал Көксарай су реттегішіндегі су көлемі 811,0 млн. текше метр, төменге секундына 390 текше метр су жіберілуде. Шардара мен Көксарайдағы су көлемі 4844 млн. текше метр. Қазіргі таңда Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 590 текше метр су жіберілуде»,- деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Оспанов.

07 маусым 2021 ж. 894 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 149

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031