Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Механиктер мүмкіндігін көрсетті

Механиктер мүмкіндігін көрсетті

Қазалы аграрлық колледжінің «Автомобиль көлігіне қызмет көрсету жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер арасында колледжішілік «Жас механик – 2023» байқауы өтті.
Сайысты қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Асқар Масаков ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Ал колледж директоры Арман Мусаев аталмыш жарыстың мақсаты мен мазмұнына тоқталды.
– Бүгінгі таңда қалыптасқан еңбек нарығы білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, әрекеттің сан түрлі саласында өз білімі мен біліктілігін қолдана алуға қабілетті мамандардың кәсіби даярлығының деңгейіне және сапасына ден қоюда. Ал сондай талаптарға сай болуүшін студенттердің түрлі сындарды сыналып, сайысқа түскені ләзім. Ұйымдастырылып жатқан «Жас механик – 2023» жарысы арқылы жастар өздерінің мүмкіндіктерін көрсетіп қоймай, теория жүзінде алған білімдерін практикада ұштастырады деп сенемін. Сәттілік серіктеріңіз болсын, – деді колледж директоры.
Жалпы сайысқа 10 жас қатысты. Жарыс шартына сәйкес олар 2 модуль бойынша, атап айтсақ, ВАЗ 2109 автокөлігінің қозғалтқышының ақауын табу және ВАЗ автокөлігіне диагностика жасау бойынша шеберліктерін көрсетті. Қатысушылардың өнерлерін аудандық «Қазалы» газетінің бас редакторы Е.Табынбаев, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры А.Масаков,Қазалы аграрлық колледж директорының оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Қ. Арзақынов, директордың оқу сі жөніндегі орынбасары Ш.Баекеева, аға шебер Қ.Орынбасар сынды комиссия құрамы бағалады.
Байқау барысында оқу өндіріс шеберлері Бауыржан Сереев, Қуандық Сатаров, Дәурен Исмайловтар студенттерге түрлі тапсырмаларды ұсынды. Сәйкесінше қатысушылар өздеріне берілген тапсырмаларды уақытқа орындап, мүмкіндіктерін байқатты.
Байқау қорытындысы бойынша өзгелерден шапшаңдығымен, шеберлігімен дараланған Ералы Өмірзақ бірінші орынды иеленді. Екінші орындыЕсен Орынбасар қанжығаласа, ал үшінші орын Ертуған Зейінге бұйырды. Сондай-ақ Нұрбақыт Ағыберген мен Нұрасыл Нұрлыбек «Жас шебер», «Үздік жас маман» бағамымен марапатталып, ал қалған қатысушыларға арнайы алғыс хаттар табысталды.

Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
23 мамыр 2023 ж. 321 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930