Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент ҚХА-ның жаңа сыйлықтары мен орденін бекітуді ұсынды

Президент ҚХА-ның жаңа сыйлықтары мен орденін бекітуді ұсынды

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлт бірлігін нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін» орденін бекіту керек. Бұл туралы бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Жеріміздегі үндестік пен келісімді нығайтуға нақты істерімен үлес қосып жүрген азаматтарды жан-жақты ынталандыру қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясының екі сыйлығын бекітуді ұсынамын. Біріншісі – әдебиет пен журналистика саласындағы үздік еңбек үшін. Екіншісі – мәдениет және өнер саласындағы үздік туындылар үшін. Бұл марапаттарды жеке авторлар да, шығармашылық ұжымдардың алуы маңызды болмақ. Бұл ретте ақшалай сыйлықтың мөлшері мемлекеттік сыйлықтан кем болмауы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент жаңа мемлекеттік награданы, яғни Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлт бірлігін нығайту жолындағы жемісті еңбегі үшін» орденін бекіту керек екенін айтты.
«Алғашқы лауреаттарға бұл наградаларды биыл қазан айында Республика күніне орай табыстауға болады», - деді Мемлекет басшысы.
Бұл тұрғыда Президент еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға азаматтарымыздың қосқан үлесін мемлекеттік деңгейде мойындау жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қуатты серпін беретінін айтты.
27 сәуір 2023 ж. 342 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 137

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031