Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда құрылыс көлемі 13 пайызға өсті – статистика

Қазақстанда құрылыс көлемі 13 пайызға өсті – статистика

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8%-ға өсті, деп хабарлайды azattyq-ruhy
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға өсіп, 295,4 млрд теңгені құраған.
«Көлемнің ұлғаюы тұрғын емес ғимараттар (35,4%-ға) мен құрылыстарды (5,3%-ға) салу және жөндеу жұмыстарымен байланысты. 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (24,7%) және тұрғын үйлер (12,5%) алады», - делінген бюро хабарламасында.
Өңірлік тұрғыда республиканың 19 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғайғаны байқалады.
Ең үлкен өсім:
Жамбыл облысы – 75,2%-ға;
Маңғыстау облысы – 55,6%-ға;
Ақтөбе облысы – 27,8%-ға;
Абай облысы – 25,3%-ға;
Қызылорда облысы – 21,3%-ға;
Атырау облысы – 18,9%-ға;
Павлодар облысы – 17,0%-ға ұлғайған.
Айта кетейік, республикадағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің жеке құрылыс ұйымдары – 73,4%, шетелдік – 26,3% және мемлекеттік – 0,3% орындаған.
30 наурыз 2023 ж. 363 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930