Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерекше жандар ерледі

Ерекше жандар ерледі

qazaly.kz. Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандар қарасы бірнеше мыңнан асып жығылады. Сол үшін үкіметтіктер олардың құқығының қорғалуынан бастап, қоғамнан тысқары қалмауын күн тәртібінен түсірмеген. Себебі, әрбір ҚР азаматының құқығы тең, мүмкіндігі мол.
17 қараша күні Қызылорда қаласында «Біз біргеміз» атты мүгедектігі бар адамдар арасында шығармашылық фестивалі болып өтті. Іс шараны Қызылорда облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде Қызылорда облыстық «Мүгедектер Қоғамы ҚБ» ұйымдастырды.
Фестивальге облысқа қарасты аймақтар бойынша 18 жастан асқан 60 ммүкіндігі шектеулі жандар қатысты. Байқау «Ән айту», «Би өнері», «Өлең оқу» «Қол өнер» жұмысы сынды 4 бағыттағы номинация бойынша ұйымдастырылды.
Шараға «Шапағат» орталығының қызметкерлері мен «Самрұқ Қазына Траст» әлеуметтік қорының қолдауымен іске асырылып жатқан «Армандарға бірге» жобасының бенефициарлары да қатысты.
Сондағы байқауға ауданның мерейін үстем етпек мақсатпен бірқатар азамат-азаматшалар барған еді. Қуанышқа орай құр қол қайтпады. Дәлірек айтсақ, «Өлең оқу» номинациясы бойынша Айнұр Жалиева II орынды иеленді. Ал, «Ән айту» номинациясы бойынша Серікбол Шайхов III орынды қанжығаласа, басқа екі қатысушы Дәурен мен Айгерім фестивальге белсене қатысқаны үшін арнайы «Алғыс» хатпен марапатталды.
Осылайша қазалылық ерекше жандар ерлеп, аудан абыройын көкке көтеріп қайтты.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

24 қараша 2022 ж. 373 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031