Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғатты қорғау – болашақты ойлау

Табиғатты қорғау – болашақты ойлау

Қазалы қаласындағы «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты орман қоры жерінің жалпы көлемі 1 785 550 гектарды құрайды. Оның ішінде орман басқан алқабы 890724 гектар жер. Орман қоры 5 орманшылыққа бөлінген. Олар Қарақұм, Қызылқұм, Жанқожа, Сарыбұлақ және Ұялы орманшылықтары.

Қазіргі таңда бұл аумақты қорғауға орманшылық басшылары Айтуған Мұқанов, Оңталап Сары, Тағыберген Оразалиев, орманшылық басшысының көмекшілері Арыс­танбек Пірманов, Қайрат Өтегенов, Қайрат Меңдібай, 14 орман шебері және 47 орманшы қызмет жасайды. Орман қорғау инженері Нұрлан Мұстафаев пен орман молықтыру инженері Айгүл Мәшен. Мекеме басшысының орынбасарлары Тілепберген Мұқанбетов пен Асқар Рахметов.
Мекеме бірнеше бағытта жұмыс істейді. Орманды молықтыру бойынша «Ағаш кесу және орман билет беру» кезінде 102 адамға қысқа мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетілген. Яғни, тұрғындарға 55,9 гектар жер беріліп, 2 955,6 мың теңге қаржы түсірілген. Халықтан арыз-шағымдар мен мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызмет тіркелмеген. 2022 жылы көктемгі екпе жұмыстарына байланысты Сыр талының шыбықшаларынан 40 мың дана қаламшалар дайындалып отырғызылған.
– Қарақұм орманшылығының №55 орамында 1 гектар жерге саялы ағаш тұқым бағы жасалынып, оның ішінде 0,5 гектар жерге үйеңкі, 0,5 гектар жерге қара ағаш тұқымынан себілді. 1 гектар жерге мектеп (школа) жасалынды. Қазір көктемгі орман отырғызу жұмыстарын барлық агротехникалық талаптары сақталынып, мерзімінде орындалды.
Мемлекеттік орман қоры жеріне ағаш егу жұмыстарынан Арал теңізінің құрғаған ұлтанына көктем мезгілінде көлемі 6 мың гектар жерге 1 500 000 мың дана сексеуіл көшеттері отырғызылды. Өткен жылдың күз айында 10 гектар жерге уақытша сексеуіл тұқымы себіліп, толық қоршалып, суарылды. Бүгінде мекемеге бекітіліп берген Батыс-Қытай-Батыс Еуропа трассының екі жақ бетінде жасалған 7 гектар жерге және Әйтеке би кентінің кіре-беріс жолында 2,6 гектар жерлерінде күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде, – дейді мекеме басшысы Ардақ Кәдір.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында 5 жыл ішінде орман қоры жерлеріне 2 млрд. және елді мекендерде 15 миллион ағаш егу тапсырмасына сәйкес мекеме қызметкерлері еңбек етуде. 2021 жылы қосымша 10 гектар жерге түрлі ағаш көшеттерін отырғызу, қосымша облыстық бюджеттік есебінен механикалық тәсілмен 10660 гектар жерге сексеуіл тұқымы себіліп, 8813,2 гетарға орманды табиғи өсуіне жәрдемдесу жұмыстары жүргізілген. Республикалық бюджеттік есебінен механикалық тәсілмен 31715 гектар сексеуіл тұқымы себіліп, 57786 гектарға арық тартылған.Осы жұмыстарға облыстық бюджеттің есебінен 6 дана ХТЗ-17221 маркалы тракторы сатып алынған.
Орман және жануарлар дүниесін күзету және қорғау жұмыстары бойынша да бірқатар істер атқарылған. Мемлекеттік орман қоры учаскесінде орман заңнамасын бұзудың алдын-алу мақсатында 24 рейд ұйымдастырылған. Оның екеуі АПБ-мен табиғат қорғау полициясымен бірлесе жүзеге асырылған. Табиғат жанашырлары заңсыз ағаш кеспеу және аң-құс ережесін бұзуға жол бермеу мақсатында елді мекендер арасында түсінік жұмыстарын үнемі жүргізіп келеді. Орманшылар айналымдарына тексеру жұмыстарын жүргізу барысында 7 азаматқа 382 баптың 1 бөлімімен хаттамалар толтырылып, 45954 теңге әкімшілік айыппұл, 137835 теңге табиғатқа келтірілген залалы салынып толық өндірілген.
Көктем мезгілінде өрт қаупі кезеңінің басталуына орай орман өртін болдырмау және оның алдын алу үшін аудандық ішкі істер, Төтенше жағдай, өрт сөндіру, ауылшаруашылығы бөлімдерімен бірлескен іс-шара жоспарына сай жұмыстар жасалып келеді. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, көктемгі егіс егу науқаны кезінде ауыл әкімдерімен егіс егетін шаруашылықтарға өрт қауіпсіздігін сақтау және алдын алу мақсатында арнайы 100 дана «ескерту хаттар» және 300 дана үнпарақтар таратылған. Сонымен бірге орман қоры жеріне орман аң аулау заңдылықтарын сақтау, өрт болдырмау тақырыптарына сәйкес жаңадан 6 аншлаг орнатылған. Жергілікті тұрғындар арасында орман өртін сақтау жайлы 8 үгіт насихат әңгіме өткізіліп, сонымен бірге орман қорғау қызметкерлері шалғайдағы 10 елді мекенде болып түсінік жұмыстары жасалған. Орманды өрттен қорғау мақсатында 600 шақырым жердің минералды жолақтарымен 20 шақырым жерге жаңадан минералды жолақтар жүргізілген. Қарақұм орманшылығына 2 бақылау мұнарасы орнатылған.
– «Орман және дала өрттерін алдын алу және жою жөніндегі іс- шаралар жоспарына» сәйкес Қарлаң тас жолының бойында Қарақұм орманшылығының №56 оралымында Қазалы аудандық Төтенше жағдай, аудандық ішкі ісітер, өрт сөндіру бөлімдерімен, аудандық жедел-жәрдем станциясымен, бірлескен өрт-тактикалық оқу жаттығу өткізілді. «Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының» 2 бөлімі 15 тармағына сәйкес өрт қауіпі жағдайын бәсеңдету мақсатында 14579 гектар жері орман қоры аумағындағы және оған іргелес аумақтардағы шөптесін өсімдіктерді бақылап өртеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілді.
2022 жылы 15 қызметкерден тұратын ерікті өрт сөндіру жасағы құрылған. Өрт қаупі бар кезеңдерде мекеме ғимаратына, Қарақұм орманшылығындағы 2 мұнараға кезекшіліктер ұйымдастырылды, – дейді мекеме басшысы.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
Фотоколлаж:
Қаракөз ЕРМЕКБАЕВА

11 қазан 2022 ж. 591 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930