Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 86 500 теңгеге дейін айыппұл: Қазақстандық жүргізушілерге қысқы дөңгелекке ауысу ескертілді

86 500 теңгеге дейін айыппұл: Қазақстандық жүргізушілерге қысқы дөңгелекке ауысу ескертілді

Фото: depositphotos.com
Ақмола облысында екі күнде жазғы дөңгелекпен жүрген 744-тен астам көлікті республикалық тасжолдарға жібермей, кері қайтарған. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге қысқы дөңгелекке ауысып, жолда сақ болуды ескертті. Қыста жазғы шинамен жүргендерге 86 500 теңгеге дейін айыппұл салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
8–9 қарашада Астана – Щучинск, Астана – Шідерті – Павлодар және Көкшетау – Атбасар тасжолдарының кей бөліктерінде жазғы дөңгелекпен жүруге уақытша тыйым салынған. Полицейлер мұндай көліктерді жолдан әрі қарай өткізбеген.
9 қарашада Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар, кей жерлерде қалың қар жауады деп болжанған. Соның салдарынан жолда көріну қашықтығы нашарлап, көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан жүргізушілерге көліктер арасындағы қашықтықты сақтап, жылдамдықты жол жағдайына қарай төмендету және күрт маневр жасамау ұсынылды.
Республикалық тасжолдардың жағдайын тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы білуге болады.
Айта кетейік, Қазақстанда қыста жазғы дөңгелекпен жүрген жүргізушілерге 21 625 теңгеден 86 500 теңгеге дейін айыппұл салынады.
Ал 9 қарашадан бастап Алматы – Қорғас, Қарағанды – Бурылбайтал және Қызылорда – Арал тасжолдарында көліктердің орташа жылдамдығын есептейтін жүйе іске қосылады.
Жүйе көліктің жолдың белгілі бір бөлігіне кірген және шыққан уақытын тіркеп, оның орташа жылдамдығын автоматты түрде анықтайды. Жалпы ұзындығы 42,2–122,4 шақырым болатын алты учаске бақылауға алынады. Бұл жолдарда рұқсат етілген жылдамдық сағатына 100–140 шақырым аралығында.
Жүргізуші жылдамдықты асырса, заңбұзушылық туралы ақпарат тиісті органдарға жіберіледі. Айыппұл мөлшері жылдамдықты қаншаға асырғанына байланысты:
10–20 шақырымға асырса – 5 АЕК (21 625 теңге);
20–40 шақырымға асырса – 10 АЕК (43 250 теңге);
40 шақырымнан артық асырса – 20 АЕК (86 500 теңге).
Бір жыл ішінде осы заңбұзушылықты қайталаған жүргізушіге 30 АЕК (129 750 теңге) айыппұл салынады. Ал айыппұлды жеті тәулік ішінде төлесе, оның 50 пайызын ғана төлеуге болады.
Еске салсақ, бұған дейін Еуразиялық экономикалық одақта құрамында адам денсаулығына зиянды химиялық заттар көп шиналарды сатуға тыйым салу ұсынылды. Жаңа талаптар қабылданса, әсіресе бағасы қолжетімді қытайлық шиналардың кейбір түрлері нарықтан жоғалуы мүмкін.
09 қараша 2026 ж. 13 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30