Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоғыз айдың ішінде ел тұрғындарына 2,17 млрд теңгеден астам қаражаты қайтарылған

Тоғыз айдың ішінде ел тұрғындарына 2,17 млрд теңгеден астам қаражаты қайтарылған

Фото: shutterstock
2026 жылдың 9 айында қазақстандық тұтынушыларға 2,17 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Осы уақыт ішінде Сауда министрлігінің комитеті мен оның аумақтық департаменттеріне 72 мыңнан астам өтініш түскен, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Оның басым бөлігі, яғни 31 186 өтініш (42,9%) бөлшек саудаға, 12 264 (16,9%) электрондық саудаға, ал 7 065 (9,7%) тұрмыстық қызмет көрсету саласына қатысты.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің көмегімен 23 мыңнан астам өтініш аясында тұтынушылардың талаптары қанағаттандырылды. Тағы 26 мың өтініш бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді. Ең көп қаражат Алматы, Астана және Шымкент қалаларында қайтарылған.
Сонымен қатар, қоғам назарына іліккен 107 іс қаралып, 365 тұтынушының шамамен 1,03 млрд теңге көлеміндегі мүліктік құқықтары қорғалды.
Министрлік тұтынушылар құқығын қорғауды күшейтті. Жыл басынан бері 1 347 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 42,2%-ға өсті. Нәтижесінде 1 836 әкімшілік іс қозғалып, 54,3 млн теңге айыппұл салынды.
Ал 2026 жылдың алғашқы жартыжылығында тұтынушыларға жалпы сомасы 1,5 млрд теңге қайтарылған еді. Көрсеткіш 2025 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 15,3%-ға жоғары.
09 қараша 2026 ж. 17 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30