Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Орманды алқапқа абай болайық

Орманды алқапқа абай болайық

Өрт – адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық шығын келтіретін жағдай. Сондықтан сақтық шараларына мейлінше мұқият қараған жөн. Осы ретте орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша облыста біршама жұмыстар атқарылып келеді.
Облыс аумағында мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 6,5 млн гектар болса, оның ішінде орманды алқабы 3,1 млн гектарды құрайды.
«Қызылорда облысы аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары» 2020 жылғы 3 наурызда бекітілді. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (19.03.2020 жылғы №27-5-6/65) бұйрығымен Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қаупі бар маусым 26 наурыз болып белгіленді.
Бұл мақсатта дала өрттерін сөндіру бағытында облыста 2512 адамнан тұратын 235 ерікті өрт жасақтары ауылдық округ әкімдіктері жанынан құрылған. Бүгінгі күні, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады.
Орман өртінің алдын алу мақсатында 488 шақырымға жаңадан өрт жолақтары жүргізіліп, 1 879 шақырымдық ескі өрт жолақтары қалпына келтіріледі. Өрт шығу қаупі бар деген жерлерге 86 дана аншлагтар мен паннолар орналастырылады.
Қауіпті учаскелерге 16 дана өрт қадағалау мұнаралары орнатылып, орман шаруашылығы мекемелерінде кезекшіліктер ұйымдастырылуда.
Дайындық барысында 2020 жылдың өрт қауіпті маусымында 56,4 тонна жанар-жағармай материалдарының қоры, оның ішінде орман шаруашылығы мекемелерінің 19,8 тонна жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды.
Өрт – тілсіз жау. Сондықтан Орман шаруашылығы мекемелері жыл басынан бері елді мекендер мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ескерту хаттар жіберіп, үнпарақшалар таратып, мекемелерде, мектептерде лекциялар оқылып, әңгімелесулер өткізуде. Орман және дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстар жалғаса беретін болады.
Б. АХМЕДОВ,
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының
бөлім басшысы
19 сәуір 2020 ж. 1 738 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 127

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 124

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 87

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031