Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында 7 балабақша апатты жағдайда тұр

Қызылорда облысында 7 балабақша апатты жағдайда тұр

Қызылорда облысы, Қазалы қаласында балабақша автобаздың мекемесінде орналасқан. Тіпті, тозығы жеткен нысан 10 жыл бұрын апатты деп танылған. Соған қарамастан 90 бүлдіршін әлі күнге дейін ескі ғимаратта тәрбиеленіп жатыр.
Екі қабатты ғимарат 1958 жылы автобаз жұмысшыларына арнап салынған. Кейін 90 жылдардың бедерінде ескі нысан балабақшаға беріліпті.
Содан бері, ауыл балалары осы жерден тәлім-тәрбие алып келеді, деп жазады qazaqstan.tv.
Бүгінде балабақшада жас ерекшелігіне қарай төрт топ бар. Әрқайсында 20-25 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Бізде асхана жоқ. Асхана бөлек орналасқан. Балалардың жүріп-тұруына көп кедергілер бар.
Рабиға Көптілеуқызы, балабақша меңгерушісі
Осыдан 10 жыл бұрын апатты деп танылған балабақшаның мәселесіне жергілікті билік биыл көңіл бөлді. Қазір 140 орындық бөбекжай бой көтеріп, жаңа нысан жыл соңына дейін ел игілігіне берілетін болады.
2012 арнайы сарапшылардың қорытындысымен апатты деп танылған. Содан бері бұл мәселе көтеріліп келіп, биыл міне шешімін тауып отыр. Құрылыс жұмыстары қазір толығымен аяқталып тұр. Тек ішіндегі кейбір заттарының келуін күтіп отырмыз. Алдағы жақын күндері жаңа балабақшаға көшеміз деген жоспар бар.
Ержан Төлегенов, аудандық білім бөлімінің әдіскері
Жалпы облыс бойынша бүгінгі күні 7 балабақша ғимараты ескіріп, тозығы жетіп тұр. Жергілікті әкімдік алдағы үш жылда апатты жағдайдағы бөбекжайлар мәселесін толық шешуді межелеп отыр.
15 қараша 2022 ж. 524 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 111

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 114

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 114

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 112

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 118

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 110

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031