Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы қаласында 140 орындық балабақша салынып жатыр

Қазалы қаласында 140 орындық балабақша салынып жатыр

Биыл Қазалы қаласындағы «Өрімтал» балабақшасы типтік жобада салынған жаңа ғимаратқа көшеді.
Қазіргі таңда 140 орындық балабақшаның құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бас мердігер «СМП – Қызылорда» ЖШС ғимараттың қабырға кірпішін қалау жұмыстарын толық аяқтап, төбе шатырын жабуда. Сонымен қатар, ішкі сылақ жұмыстарын жүргізуде.
Балабақша ғимараты қазан айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
«Биыл ауданда 4 нысан халық игілігіне пайдалануға беріліп, қазіргі таңда 17 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аудандағы құрылыс саласында айтарлықтай өсім бар. Дәлірек айтқанда, осы жылы құрылыс жұмыстарның көлемі – 2,5 млрд. теңгені құрап, 11,3 пайызға артты. Нәтижесінде 17 нысанның құрылыс жұмыстары басталды. Оның 7-і өткен жылдан өтпелі болса, 10 нысан жаңадан бой көтереді», деді аудан әкімі Мұхтар Оразбаев.

Айта кетейік, бүгінде Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарқынды дамып келеді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 106,9 пайызға, ал өңдеу өнеркәсібі – 107,6 пайызға артты. Сондай-ақ, ауданда шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны – 5299 бірлікті құрап, оның 95,6 пайызы тұрақты жұмыс істеуде.
05 қыркүйек 2022 ж. 387 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 145

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 162

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031