Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік шекараны бұзғандарға жауапкершілік күшейтіледі

Мемлекеттік шекараны бұзғандарға жауапкершілік күшейтіледі

Еліміздің мемлекеттік шекарасын бұзғандарға жауапкершілік күшейтілмек. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды inform.kz.
«Мемлекеттік шекара режимі мен шекара режимін бұзуға қарсы тұру мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кешенді алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Шекаралас аймақтың жергілікті тұрғындарымен үнемі жиындар мен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады», - деді Үкімет басшысы жауабында.
Оның атап өтуінше, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда шекаралық аумақта заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат жарияланап отырады.
«Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру аясында ҰҚК мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастыруда. Одан бөлек, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру мақсатында Үкімет жанында Мемлекеттік шекара комиссиясы, сондай-ақ облыс және аудан әкімдіктері жанында шекара мәселелері бойынша үйлестіру кеңестері жұмыс істейді», - деді Әлихан Смайылов.

14 қараша 2022 ж. 446 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 121

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031