Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауда базарларының қызметін лицензиялау енгізілмек

Сауда базарларының қызметін лицензиялау енгізілмек

Елімізде сауда базарларының қызметін лицензиялау мәселесі пысықталып жатыр. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды inform.kz.
«Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы аясында Сауда және интеграция министрлігіне Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес субъектіге (объектіге) бара отырып, профилактикалық бақылау нысанында сауда қызметін реттеу туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі құзыретті беру бөлігінде заңнамалық актілерге өзгерістер қарастырылып жатыр. Осыған байланысты сауда базарларының қызметін лицензиялауды енгізу мәселесі пысықталуда», - деді Үкімет басшысы жауабында.
Оның атап өтуінше, сауда базарларының қызметін лицензиялау халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, жерді пайдалану мен қорғау, ветеринария және өрт қауіпсіздігі салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалау тетіктерін қосымша қатаңдату қажеттілігін болдырмайды.
«Сауда базарлары үшін бірыңғай рұқсат құжатын белгілеу уәкілетті органдарға белгіленген талаптардың бұзылуын анықтауға мүмкіндік береді», - деді ол.

20 қазан 2022 ж. 502 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 123

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031