Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Конституциялық сот тегін қызмет көрсетеді

Конституциялық сот тегін қызмет көрсетеді

Конституциялық сот тегін қызмет көрсетеді. Ал бір жылдан кейін мемлекеттік баж енгізіледі. Бұл туралы әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді, деп хабарлайды sputnik.kz.
Осы демалыста президент бірқатар конституциялық заңға қол қойды. Соның ішінде конституциялық сотты құру туралы құжат бар. Оған кез келген адам жүгіне алады. Заңда мемлекеттік баж салығының көлемі де бекітілген.
"Оның көлемі бір айлық есептік көрсеткішті (2022 жылда 3 180 теңге) құрайды. Бірақ жаңа төлемдерді енгізуге қатысты нақты талап бар. Оған сәйкес, мемлекеттік баж тек 2024 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді. Сонда 2023 жылда азаматтар мемлекеттік баж салығын төлемей, конституциялық соттың көмегіне жүгіне алады", - деді Мұқанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осы орайда ол конституциялық сотқа жүгінудің тәртібін де түсіндірді. Вице-министрдің айтуынша, бұл жоғарғы соттың үстінен қарайтын инстанция емес.
"Конституциялық сот жоғарғы соттың барлық шешімін қайта қарамайды. Нормативтік актінің негізінде соттың шешімі шығарылды делік, ал адам сол нормативтік актінің мазмұнымен келіспесе, я болмаса, өзінің құқығы бұзылды деп санаса, апелляциядан кейін немесе оған дейін конституциялық сотқа жүгіне алады. Сөйтіп, нормативтік актіде көрсетілген мәселелер Конституцияға сәйкес келмейтінін дәлелдеуге мүмкіндік бар", - деп атап көрсетті Мұқанова.
Сондай-ақ, арызданушының атынан бас прокуратура мен адам құқықтары жөніндегі уәкіл де тікелей конституциялық сотқа шағымдана алады.
07 қараша 2022 ж. 219 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031