Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңғырудың өзегі – саяси реформа

Жаңғырудың өзегі – саяси реформа

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев өз үндеуінде Референдум – ел тарихындағы ең жауапты сәт екендігін атап өтті. Референдум арқылы Конституцияға енгізілетін түзетулер саяси жүйені түбегейлі өзгертуге, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық басқа жүйелерін жаңартуға бағытталған. Соның ішінде Конституциялық сот туралы ерекше атап өткім келеді. Мысалы, енді кез келген азамат Конституцияда көзделген құқықтары бұзылған жағдайға Конституциялық сотқа жүгіне алатын болады.
Конституциялық соттың пайда болуы әділ сот қызметіне қол жеткізуге септігін тигізеді. Себебі Конституциялық сот азаматтардың өтініші бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық заңда көзделген нормалар шегінде қарауға құқылы.
Конституциялық сот – бұл мемлекеттік органдарды Конституция нормаларына сай жұмыс істеуге бағыттайтын қуатты тетік. Егер біз өз құқығымызды тиісті деңгейде қорғағымыз келсе, референдумға баруымыз керек. Себебі негізгі өзгерістер адам құқығы мен бостандығын нығайтуға және оны сенімді қорғауға бағытталған. Осы орайда 5 маусым күні конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып республикалық референдумға бір кісідей қатысуға барлық жерлестерімді шақырамын.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
03 маусым 2022 ж. 620 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 126

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031