Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Конституциялық сот қалай жұмыс істейді?

Конституциялық сот қалай жұмыс істейді?

Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова келесі жылдан бастап қызметін бастайтын Конституциялық соттың маңызын түсіндірді, деп жазады baq.kz.
Келесі жылы Конституциялық Сот өз қызметін бастайды. Конституциялық Сот – бұл мемлекеттің конституциялық негіздерін және адамның конституциялық құқықтарын қорғауға арналған әлемдік модель. Елімізде осындай институтты құру еліміздің құқық қорғау жүйесін жаңарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Конституциялық Соттың қызметі үшін заңнамалық, құқықтық негізді қамтамасыз ету, оған Конституциямен жүктелген өкілеттіктерді іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң қабылданды, - деп мәлімдеді вице-министр.
Мұқанованың айтуынша, реформаның басты жаңалығы – азаматтарға Конституциялық Сотқа тікелей жүгіну құқығын берілмек.
Конституциялық Сот еліміздің барлық аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады және биліктің сот тармағына жатпайтынын атап өткім келеді, өйткені бұл мәселе Конституцияда нақты шешілген. Бұл Конституциялық Сот сот шешімдерін қайта қарамайды немесе күшін жоймайды дегенді білдіреді. Реформаның басты жаңалығы – азаматтарға Конституциялық Сотқа тікелей жүгіну құқығын берілуі. Бұрын мұндай мүмкіндік қарастырылмаған болатын.
Енді, Конституциялық Сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді Республика Конституциясына сәйкестігін қарайтын болады. Азаматтармен қатар, Бас Прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық сотқа жүгінуге құқылы. Осы ережелердің барлығы Конституциялық заңда тиісті реттеуді тапты, - деді Алма Мұқанва орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алма Мұқанова өзгеріске енген конституцияда депутаттар уәдесіне абай болуға тиіс екенін айтқан еді.

07 қараша 2022 ж. 317 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031