Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Конституциялық сотқа кімдер жүгіне алады

Конституциялық сотқа кімдер жүгіне алады

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәжілісте "Конституциялық сот туралы" Конституциялық заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Конституциялық заң жобасы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 68 баптан тұрады. Вице-министрдің айтуынша, Конституциялық сот биліктің сот тармағына жатпайды. Ол елдің бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады.
"Ең маңыздысы, Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Конституциялық сот азаматтардың өтініші бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді Конституцияға сәйкестігін қарайды. Сондай-ақ, Конституциялық сотқа жүгіну құқығы Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге берілді", - деді Мұқанова мәжілісте заң жобасын таныстырып.
Конституциялық соттың құзыреті Конституцияның 72-бабымен тікелей реттеледі. Оның құзыретіне сайлауды өткізудің дұрыстығы мәселелерін қарау, парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың республика Конституциясына сәйкестігін қарау, сондай-ақ Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру кіреді.
Яғни, Конституциялық кеңестің барлық қолданыстағы функциясы Конституциялық сотқа берілді.
Мұқанованың айтуынша, Конституциялық сот судьяларының мәртебесі Конституциямен айқындалатын жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар болып табылады. Заң жобасында Конституциялық сот судьяларының тәуелсіздігі мен қол сұғылмаушылығы да бекітілген. Сондай-ақ Конституциялық сот судьяларының жоғары мәртебесін ескере отырып, оларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі нормалар енгізілген.
Атап айтқанда, Сот жүйесі туралы Конституциялық заңға ұқсас Конституциялық сот судьяларының отставкаға шығу институтын енгізу ұсынылып отыр. Конституциялық заң жобасының 46-бабында азаматтардың өтінішін қабылдау критерийлерін белгілеу ұсынылған.
"Біздің ойымызша, егер азаматтардың өтініштері үшін белгілі бір "фильтр" қойылмаса, Конституциялық сот оған келіп түскен барлық өтінішті қарай алмайды. Өйткені НҚА-ның барлығы дерлік азаматтардың конституциялық құқықтарын қозғайды", - деді Мұқанова.
Жалпы, Конституциялық соттың өтініштерді қарау рәсімі жалпы соттардағы сот ісін жүргізу тәртібінен түбегейлі ерекшеленеді, деп жалғастырды вице-министр.
Конституциялық соттың өтініштерді қарау тәртібі бес кезеңнен тұрады:
Конституциялық сот аппаратының өтініштерді алдын ала қарауы;
конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау;
Конституциялық сот отырысында өтінішті қарау үшін материалдар дайындау;
Өтінішті қарау бойынша отырыс өткізу;
Өттініш бойынша түпкілікті шешім қабылдау.
Сондай-ақ, заң жобасына Конституциялық соттың шешімдерін орындау тетіктері енгізілген.
02 қыркүйек 2022 ж. 526 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930