Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев бірнеше елшіні жаңа қызметке тағайындады

Тоқаев бірнеше елшіні жаңа қызметке тағайындады

Президент бірнеше елшіні қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды.
Ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанның, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери госпитальдерлері орденінің жанындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
21 қазан 2022 ж. 462 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 22

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 17

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 17

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31