Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрғындар мәселесі шешімін тапты

Тұрғындар мәселесі шешімін тапты

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың апта сайын өтетін жеке қабылдауында түрлі мәселелер көтеріледі. Тұрғындардың бірі тұрақты жұмысқа орналастыруды сұраса, енді бірі көшеге асфальт төсеуді сұрайды.
Ал Әйтеке би кентіндегі 5 қабатты үйдің тұрғындары ғимарат төбесіне шатыр орнатып, жауын-шашыннан қорғау жөнінде өтініш айтады. Бір қарағанда қарапайым ғана мәселенің шешілу жолы оңай болғанмен, іс жүзінде олай емес. Себебі, бұл үйлер жеке тұрғындарға тиесілі болғандықтан бюджеттен қаржы бөлуге мүмкіндік жоқ.
Сондықтан да көпқабатты тұрғын үйдің төбесіне шатыр орнату жұмыстары аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен жүзеге асырылуда.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларымен бірге Желтоқсан көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйге арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Тиісті сала басшыларына жауын-шашын ­басталмай тұрып, белгіленген жұмысты сапалы аяқтауды тапсырды.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында «Жаңақала» пәтер иелері кооперативінің төрағасы Әлмұрат Амановқа балалар ойын алаңының қоршауларын ретке келтіріп, тазалық сақтауға шақырды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
18 қазан 2022 ж. 266 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930