Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАЛЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

ҚАЗАЛЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Бүгін Қызылорда қаласында өткен “Алтын дән – 2022” салтанатты шарасында ауыл шаруашылығы бойынша үздік атанған аудандар мен еңбек адамдары марапат төрінен көрінді.

Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тағы бір жылды табысты қорытындылаған аймақтағы ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері мен сала ардагерлерін құттықтап, игі тілегін жеткізді.
– Біздің облыс еліміздің күрішке деген қажеттілігінің 90 процентін өтеп келеді. Жыл сайын экспортқа 100 мың тонна көлемінде күріш шығарылуда.
Мемлекет басшысының қолдауымен Сырдария өзенінің жоғары ағысында орналасқан мемлекеттер арасындағы келіссөздер нәтижесінде су көлемі былтырғы деңгейден көбейді. Бұл ретте диқан қауымның ұсыныс-тілектерін ескере келе, Президентіміздің пәрменімен күріш егісі көлемін 78 600 гектар көлемінде қалдырдық.
Даланың дана диханы Ыбырай Жақаев «егініне қарап - қырманы, күтіміне қарап - түсімі» деген. Күрделі жағдайға қарамастан күріштің әр гектарынан 70 центнерден аса өнім алған «Ақтөбе и к», «Жаңажол», «Абзал и К», «Мағжан и К», «Ақжарма и К», «Ақжарма – 1» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін ерекше атап өтуге болады. Сондай-ақ, күріштің әр гектарынан 90-100 центнерден өнім алған күрішші-звеноводтарымызды мақтан тұтамыз.
Қамбамыз дәнге, қорамыз малға толып, халқымыздың құт-берекесі арта берсін, – деді облыс әкімі.
Сонымен қатар, Сыр елінің өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосқан Жарылқасын Шәріпов пен «Таң ЛТД» ЖШС директоры, «Жалағаш ауданының Құрметті азаматы» Имамзада Шағыртаевға Қызылорда облысының құрметті азаматы атағын табыстады.
Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша ет, сүт және балық өнімдерін өңдеуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген Қазалы ауданы «Озат аудан» атанды.
Марапатты аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа табыстады.
Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласының ардагері Жұбатқан Жазықбаев пен «Агро Өркен» ЖШС егіс бригадирі Кеңес Шайықты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің төсбелгісімен марапаттады.
Ал, Самұрат Имандосов басқаратын «РЗА» АҚ «Озат кәсіпорын», «Агро Өркен» ЖШС жатка машинисі «Озат жаткист», «Аржиков Берік» шаруа қожалығының түйекеші Шолпан Тоқтабаева «Озат түйекеш», «Қазсушар» РМК Өндірістік учаскесінің маманы Еркін Ләпенов «Озат су маманы» номинацияларына ие болды.

Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
14 қазан 2022 ж. 271 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 47

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 94

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 101

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 73

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 104

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 112

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031