Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 2023 жылға жоспарланған әлеуметтік жобалар таныстырылды

Қызылордада 2023 жылға жоспарланған әлеуметтік жобалар таныстырылды

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен Достық үйінде 2023 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобалары талқыланды.
Жиынға облыстық басқармалардың өкілдері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері мен белсенділері және зум байланысы арқылы аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
«Облыс көлемінде 1193 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 454-і өңірдің рухани-мәдени, қоғамдық өміріне белсенді араласып, өз үлестерін қосуда», - деді облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Алмасбек Есмаханов.
Жиын барысында облыстық қоғамдық даму, денсаулық сақтау және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері 2023 жылға жоспарланған әлеуметтік жобаларын таныстырды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінен ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды реттеу және ұлттық саясатты жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алуға, жастар саясатын, отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру, ұлттық тарих, еріктілер қозғалысын дамыту, азаматтық қоғамды қолдау бағыттары бойынша жүзеге асырылуда.
Жария талқылау барысында ҮЕҰ жетекшілері жобаларға қатысты өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Аталған бастама облыста азаматтық қоғамды дамытуда ерекше маңызға ие болып, бірлескен жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
14 қазан 2022 ж. 457 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930