Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүлік және жер салығын қалай төлеуге болады?

Мүлік және жер салығын қалай төлеуге болады?

2021 жылдың 1 қазанына дейін қазақстандықтар мүлік пен жер салығын төлеуі тиіс, деп жазады Egemen.kz ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің facebook-тағы мәліметіне сілтеме жасап.
Осы орайда комитет мамандары салық заңнамасына өзгеріс енгізілгенін еске салды. Оған сәйкес, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың меншік құқығына тиесілі жер учаскелері және жылжымайтын мүлік бойынша салықтар бірыңғай мүлік салығы болып біріктірілді. Сол себепті салықтың есептелген сомасы жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі бойынша міндеттемелерді қамтиды және бірыңғай сомамен төленеді.
«2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылғы 1 қазанда аяқталады»,  дейді мамандар.
Салық сомасын қайдан көруге болады
Мүлік салығының сомасын төлеу мерзімі басталғанға дейін «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында, сондай-ақ Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында kgd.gov.kz «Алдағы төлемдер» сервисінен білуге болады. Сол жерде бірден төлем жасауға да мүмкіндік бар.


17 тамыз 2021 ж. 1 030 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930