Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Асхат Аймағамбетов: Ұстаздарға атаққұмар болудың қажеті жоқ

Асхат Аймағамбетов: Ұстаздарға атаққұмар болудың қажеті жоқ

Оқу-ағарту министрі әртүрлі жекеменшік ұйымдар өткізетін ақылы сайыстарға тыйым салуды тапсырды.Жекеменшік ұйымдар беретін әртүрлі атақтың ұстаздарға қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл мәселені мектеп директорлары, білім бөлімдері мен бақылау департаментінің өкілдері қолға алуы тиіс, деп мәлімдеді оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.
"Қазір оқу жылының басталуына байланысты оқушылар мен ұстаздар арасында ақылы сайыстар өткізуге қатысты сигналдар келіп түсіп жатыр. Оның алдында бұл үрдіс біраз уақытқа тоқтап қалған еді. Мектеп қабырғасында әртүрлі жекеменшік ұйымның ақылы ойынын, сайыстарын өткізу бойынша біздің тапсырмамызды білесіздер. Екіншіден, түрлі ұйым ұстаздарға әртүрлі марапат, медаль, атақ беріп жатыр. Біздің әріптестерге ондай атаққұмарлықтың қажеті жоқ деп ойлаймын", – деді Асхат Аймағамбетов.
Десе де, министр ұстаздардың қоғамда белгілі, республикалық деңгейдегі марапаттарды алуына еш қарсылығы жоқ екенін атап өтті.
"Қоғамда ресми марапаттар бар. Ал "Құрметті азамат немесе мұғалім" деген секілді марапаттардың ешқандай қажеттілігі жоқ деп санаймын. Мектеп директорлары, білім бөлімдері мен бақылау департаменттерінің өкілдері осы бағытта жұмыстар ұйымдастырып, мәселені әрдайым назарында ұстауы тиіс", – деп тапсырды министр.
27 қыркүйек 2022 ж. 286 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930