Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ротацияны түсінбейтіндермен еңбек шартын бұзу керек – Аймағамбетов

Ротацияны түсінбейтіндермен еңбек шартын бұзу керек – Аймағамбетов

Ротацияны түсінбейтіндермен еңбек шартын бұзу керек – Аймағамбетов Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында айтты.
Мектеп директорлары орынбасарларын, есепшілерін, басқа қызметкерлерді ауыстыруға тосқауыл қоюы керек. Бұл туралы біз айттық. Департаменттер тиісті бақылауға алып, қадағалауы керек. Ротацияны біз бір мектептен екінші мектепке көшіп бару үшін өткізіп жатқан жоқпыз. Осы мәселеге бақылау жүргізуіміз керек. Жалпы заң аясында барлық жұмыс іске асуы керек, - деді Аймағамбетов.

Министр кейбір өңірлерде мектеп таңдайтынын естігенін айтты.

Жалпы бұл мәселені тоқтату керек. Егер ротацияны түсінбейміз, оны қабылдамаймыз десе, ол адамдармен еңбек шартын тіпті тоқтату керек. Заңға бағыну деген жалпы тапсырмаларды орындау мектеп басшыларына тікелей байланысты. Сондықтан осындай мәселе болса, департаменттер шешім қабылдауы керек. Ротация – өте маңызды тетік. Бірақ екі мәселеге назар аудару керек. Біріншіден, ротация жүргізгенде орынбасарлары мен есепшілерін алып жүрмеу бойынша. Екіншіден, ротацияны заңға сәйкес, объективті түрде жүргізу қажет. Бұл жерде тәуекелдерге жол бермеу керек. Жалпы ротацияға қадағалау жүргізу керек. Бз барлығын осы жақта біліп отырмыз, - деді Аймағамбетов.
12 шілде 2022 ж. 321 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930