Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп кітапханаларына 2 млн дана көркем әдебиет сатып алынады

Мектеп кітапханаларына 2 млн дана көркем әдебиет сатып алынады

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп кітапханаларына 2 миллионға жуық көркем әдебиет сатып алынатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі күні өңірлерде оқулықтарды жөнелту және жеткізу жұмыстары 67% орындалды. Екінші сынып оқулықтарының 79%-ы жеткізілді. Осы аптаның соңына дейін толығымен аяқтайтын боламыз. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларына 2 млн-ға жуық дана қызықты көркем әдебиет сатып алынады. Жаңа оқу жылында балаларды кітап оқуға баулу жұмыстарын әрі қарай жалғастырамыз», - деді ведомство басшысы.
Министрдің мәліметі бойынша, биыл салынуы жоспарланған 225 мектептің 81-і осы оқу жылы басталғанға дейін қолданысқа берілмек.
«Жергілікті әкімдіктер биыл 225 мектеп салуды жоспарлады. Оқу жылының басына дейін 41 мемлекеттік мектепті және 40 жекеменшік мектепті ашу жұмыстары аяқталуы тиіс. Әр өңірге нақты көрсеткіштер бекітілген», - деді Асхат Аймағамбетов.
16 тамыз 2022 ж. 727 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031