Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді шетелдіктерге Қазақстанда тұру үшін төлқұжат қажет болмақ

Енді шетелдіктерге Қазақстанда тұру үшін төлқұжат қажет болмақ

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Енді төлқұжат қажеттілердің тізімінде болмақ, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі “Открытые НПА” порталына сілтеме жасап.
Міндетті құжаттар қатарына шетелдік төлқұжат қосылды. Салыстырмалы кестеде бүгінде ұлттық төлқұжаттың көшірмесі мен түпнұсқасы ғана талап етілетіні атап өтілген.
"Шетелдік паспорт – шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде Қазақстан Республикасы таныған құжат", - деп көрсетілген.
Тағы бір өзгеріс – өтініш берушінің соттылығының жоқтығы туралы анықтаманың цифрлық көшірмесі емес, түпнұсқасын ұсынылуы керек. Оны құзыретті органның уәкілетті қызметкері бекітуі және бөлімшенің елтаңбалы мөрімен куәландыруы міндетті.
"Жобаны қабылдау республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздемейді. Жоба теріс әлеуметтік-құқықтық салдарларға әкеп соқпайды", - делінген түзетулер жобасына түсіндірме жазбада.
27 қыркүйек 2022 ж. 389 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930